Hotpoint-ariston TCS 73B GP User Manual Page 77

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 80
  • Table of contents
  • TROUBLESHOOTING
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 76
77
KZ
Опциялар
Опциялар әркімнің өз қажеттілігіне қарай таңдалған бағдарламаны реттеуіне мүмкіндік береді.
Кідіріс таймері
Кейбір бағдарламалардың (Бағдарламалар мен опциялар бөлімін қараңыз) басталуы 9 сағатқа дейін кідіруі мүмкін.
Қажетті кідіріс уақытын енгізу үшін, түймені қайта-қайта басыңыз. Кідіретін басталу уақытын орнату үшін, су контейнерінің
бос екендігіне және сүзгінің таза екендігіне көз жеткізіңіз. Қыртыстардың пайда болуына жол бермеу үшін, кептіру
бағдарламасы басталмас бұрын, барабан әртүрлі бағытта айналып тұрады.
Фибра күтімі
Фибра күтімі – ерекше күтімді қажет ететін киімдерді мұқият кептіруге арналған арнайы опция.
Бұл түймені төмен температура параметрін таңдау үшін басыңыз; түйме жанындағы шам қосылады. Бұл опцияны
белсендіру циклдердің ұзақтығын арттырады.
Пернені құлыптау
Бағдарлама параметрлерінің өзгеруіне жол бермейді. Бағдарлама мен қолжетімді опцияларды таңдаған соң, екі опция
түймесін 3 секунд басыңыз («Кептіргіш сипаттамасы» бөлімін қараңыз)
Түймелер басылғанда ұзақ дыбыстық сигнал естіледі және опция түймелеріндегі жарық диодтары баяу екі рет
жыпылықтайды. Алдында таңдалған опциялардағы жарық диодтары жанып тұрады, бірақ оларды одан әрі өзгерту
мүмкін болмайды.
Егер ПЕРНЕ ҚҰЛПЫ белсендірілген күйде параметрлерді өзгертуге әрекеттенсеңіз, 3 қысқа дыбыстық сигнал естіледі
және жарық диоды 3 рет жылдам жыпылықтап, бұдан былай бағдарламаны немесе опцияларды өзгерту мүмкін емес
екендігі туралы ескертеді.
ПЕРНЕ ҚҰЛПЫ опциясын ажырату үшін опция түймелерін үш секунд басып тұрыңыз. ПЕРНЕ ҚҰЛПЫН барлық
бағдарламалармен таңдауға болады. ӨШІРУ күйі кептіргішті өшіреді.
! Барлық бағдарламаларда барлық опциялар жұмыс істемеуі мүмккін (Бағдарламалар мен опциялар бөлімін қараңыз).
Есікті ашу
Бағдарлама жұмыс істеп тұрғанда есік ашық болса (немесе ІСКЕ ҚОСУ/КІДІРТУ түймелері басылса), кептіргіш тоқтап,
төменде көрсетілген жағдайлар орын алуы мүмкін:
• ІСКЕ ҚОСУ/КІДІРТУ түймелері сарғылт түсте жанады.
• Кідіретін басталу уақыты жүріп жатқанда, кідірістің кері санағы жалғасады. «Кідіріс таймері» бағдарламасын
жалғастыру үшін, ІСКЕ ҚОСУ/КІДІРТУ түймесін басу керек. Кідіретін уақыт енгізілгені туралы белгі беретін «Кідіріс
теймері» индикатор жарығының бірі жыпылықтайды.
• Бағдарламаны жалғастыру үшін, ІСКЕ ҚОСУ/КІДІРТУ түймесін басу керек. Прогресс индикаторының жарықтары
орындалып жатқан саты туралы белгі береді, ІСКЕ ҚОСУ/КІДІРТУ индикатор жарығы жыпылықтауын тоқтатып, жасыл
түске айналады.
• Кейінгі күтім фазасы белсенді болғанда, бұл кептіру бағдарламасы аяқталғанын білдіреді. ІСКЕ ҚОСУ/КІДІРТУ түймесін
басқанда жаңа бағдарлама басынан бастап қайта белсендіріледі.
• Бағдарламаны таңдау тетігін бұрау арқылы, жаңа бағдарлама таңдалады және ІСКЕ ҚОСУ/КІДІРТУ индикатор
жарығы жасыл түсте жыпылықтайды. Киімдер жеткілікті түрде кептірілгені байқалса, киімдерді суыту мақсатында СУЫҚ
АЙНАЛДЫРУ бағдарламасын таңдау үшін, осы процедураны пайдалануға болады.
Жаңа бағдарламаны іске қосу үшін, ІСКЕ ҚОСУ/КІДІРТУ түймесін басыңыз.
Ескертпе: Егер жарық сөніп қалса, қуатын өшіріңіз немесе ашаны розеткадан шығарыңыз. Жарық берілген кезде,
машинаны қайта қосыңыз. Кептіргіш жұмысын қайта іске қосу үшін тұтқаны қажетті позицияға бұраңыз (бағдарламаны
іске қосу үшін ІСКЕ ҚОСУ/КІДІРТУ түймесін басыңыз). ӨШІРУ күйі кептіргішті өшіреді.
Page view 76
1 2 ... 72 73 74 75 76 77 78 79 80

Comments to this Manuals

No comments